Алматыда бояу өнімдері тұрған гараж өртенді
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрттің 11 шілде күні сағат 15:26-да Ақсай 1А шағын ауданында болғанын хабарлады.
«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 4 минутта жетті. Бұл кезде жалпы аумағы 25 шаршы метр болатын жерасты типті гаражда қалбыр ыдыстағы бояулар өртеніп жатты. Қою түтін мен температураның жоғары болуына байланысты өрт сөндірушілер тыныс алу аппаратымен жұмыс істеді. Барлау барысында өрт ошақтарын анықтау үшін тепловизор да қолданылды. Өрт сағат 16: 19 минутта оқшаулауланып, 21 минуттан соң толығымен жойылды. Өрттің көрші гараждарға таралуына жол берілмеді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өртті жоюға ТЖД-ның 24 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. Өрт болған жерде анықтаушылар жұмыс істеуде.
Фото: www.instagram.com/almaty_tjd