Алматыда бойжеткен аяусыз соққыға жығылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көше ортасында келіншек соққыға жығылды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда соққыға жығылған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тарады. «Төле би – Байтұрсынов қиылысы, АТУ-ға тура қарама-қарсы, қыз соққыға жығылды, себебі әзірге белгісіз», - делінеді поста.

Алматы Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әйелді ұрып-соғу фактісі анықталғанын мәлім етті.

«Алматы қаласының Полиция департаменті бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. Жәбірленушінің танысы болып келетін күдікті ұсталды. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар
telegram