Алматыда бойжеткен көлігімен көшедегі бағанаға соғылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бойжеткен көлігін басқара алмай, көше шамының бағанына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда бойжеткен көлігімен көшедегі бағанаға соғылды

Жол апаты Достық және Қажымұқан көшелерінің қиылысында болған.
Peugeot автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмаған. Салдарынан машина жолдан шығып, жүргінші жолындағы көшеге жарық беретін шамның бағанын соқты. 

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен жүргізушіні ауруханаға алып кетті. Оқиғаның мән-жайын жол полициясы анықтап жатыр.