Алматыда бойжеткен тізгіндеген Лексус қоршауларды сүріп кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бойжеткен тізгіндеген Лексус қоршауларды сүріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Жол апаты Шаляпин көшесінде болған.
Көлік рулінде болған қыздың айтуынша, Шаляпин көшесімен шығысқа бағыт алып келе жатқанда оны сол жақ қапталдан белгісіз көлік қысып, ығыстырып жіберген. Салдарынан күрт оңға бұрған бойжеткен жол шетіндегі талға соғылып, темір қоршауларды сүріп кетті.
Оқиға орнына жеткен дəрігерлер бойжеткенді ауруханаға алып кетті.