Алматыда бойжеткен жоғалып кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыз іздестірілуде. Бұл туралы Инстаграмдағы@rozysk_kz аккаунты жария етті.
«Құрметті Алматы және Қазақстан тұрғындары! Бұл жазбаны назардан тыс қалдырмаңыздар! 29 шілдеде 1997 жылдың 9 мамырында туған Валиева Аида Валиевна жоғалып кетті! Жазбаны барынша бөлісуді сұраймын, өйткені құқық қорғау органдары әрекетсіз отыр! Бір айдан астам уақыт өтті, әлі ешқандай мәлімет жоқ! Бірде бір ақпарат жоқ, бойжеткен із түссіз кетті», - делінген хабарламада.