16:47, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық конкурсы өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамырдың 28-і мен маусымның 1-і аралығында Алматыда ХI «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық конкурсы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конкурс жылдағыдай Алматы қаласының Орталық демалыс саябағындағы ашық алаңда болады. Биылғы жылы шараға барлық аймақтардан және Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Литва, Қытай, Болгария елдерінен шамамен 700 жас әншілер, бишілер, халықтық әндерді орындаушылар қатысады. «Бозторғай» конкурсы қаламен тығыз байланысты, ал бұл жас ұрпақ санасында Алматының Еуразиядағы ірі өнер орталығы ретінде жағымды имиджін құруға септігін тигізеді. Өткізіліп жатқалы бері конкурс жас таланттар қозғалысына айналды», - дейді шараны ұйымдастырушылар.