Алматыда BRT желісіндегі қозғалыс жолағы өзгермейтін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қалалық мобилділік басқармасы Тимирязев көшесінің бойындағы BRT (жүрдек автобус желісінің) оң жақ шеткі жолаққа ауыстырудың өзектілігі мен тиімділігін қарастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда BRT желісіндегі қозғалыс жолағы өзгермейтін болды

«Басқармаға BRT желісінің бойында тұратын тұрғындардан, қоғамдық көлік жолаушыларынан және автокөлік жүргізушілерінен 100-ден астам өтініш түсті. Олар Тимирязев көшесінің бойындағы BRT желісіне өзгеріс енгізбеуді сұрады. Барлық өтініш қаралды. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында Тимирязев көшесін қайта жаңғыртуды орынсыз деп санаймыз», - деп жауап берді қалалық қалалық мобильділік басқармасынан.
Бұған дейін қала әкімінің Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде алматылықтар BRT желсінің зардабын айтып дабыл қаққан болатын.
Ерболат Досаев бұл мәселені қозғалыс жолақтарының ауыстыруымен шешетінін жеткізген еді. Қазір мұнда автобустар ортаңғы жолмен, ал машиналар көшенің қапталымен жүреді.
Еске салайық, Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарында қоғамдық көлік мәселесі қалай шешілетіні туралы жазылған.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылға қарай қолданыстағы BRT желісі «Шығыс қақпасы» полиорталығына дейін ұзартылады. Райымбек даңғылы бойымен жаңа BRT желісін іске қосу жоспарда.
Осылайша, жүрдек автобустар желісі 40 шақырымға ұзарады.