Алматыда бүгін Фируза Шарипованың чемпиондық кездесуі өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 30 желтоқсанда Almaty Arena спорт кешенінде  кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова мен белгиялық «Питбуль» - Джемилла Гонтарюк арасында чемпиондық кездесу өтеді. 
None
None

Олар IBO және WBC Silver титулын сарапқа салады. Егер бұл кездесу отандасымыздың жеңісімен аяқталса ол екі салмақ дәржесінде  әлем чемпионы атанады.

Бұл айқаста әлемге танымал  Даниэль Ван де Виль төрешілік ететін болады. Ол 1363 бокстық кездесулерде, атап айтқанда Майк Тайсон, Леннокс Льюис, кіші Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо және көптеген танымал боксшылардың жекпе-жегіне төрелік еткен.

Сонымен қатар, бұл кештің андеркардында тағы төрт белбеулік кездесулер өтеді. Қазақстандық боксшы Али Ахмедов жартылай ауыр салмақта WBC Youth белбеуіне таласса, оның отандасы Ержан Залилов грузиялық Васико Лукашвили мен WBC CISBB Silver титулын сарапқа салады.  Ресей спортшысы Инна Сагайдаковская WBC Silver чемпиондық титулдар IBO және WBC Interim үшін африкалық Мапуле Нгубанеге қарсы шығады, ал, ресейлік Сергей Дудинский жеңіліп көрмеген казақ Айдын Елжановпен WBC CISBB Silver және WFA (World Fighting Assotiation) белбеулерін ортаға салады.

Фируза Шарипова мен Джемилла Гонтарюк жекпе-жегін тікелей эфирден «Хабар», «Бокс ТВ», «Матч ТВ», «Матч! Боец», Live, халықаралық FOX Sports және көптеген телеарналар көрсетеді. Сондай-ақ 50 мемлекетке таралады.  Қазақстанда «Хабар» арнасынан тікелей эфир Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады. 

Соңғы жаңалықтар