Алматыда бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жоспарлау туралы тренинг өтеді
АЛМАТЫ. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Алматыда 28-29 тамыз күндері «БАҚ-пен жұмысты жоспарлау және тиімді ақпараттық компания» деген тақырыпта тренинг болады.
Оны Соғыс және бейбітшілік репортаждары инстиутының (IWPR) Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырып отыр. Оған Алматы қаласы мен Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жергілікті мемлекеттік атқару органдары мен мәслихаттары және қоғамдық ұйымдарының өкілдері шақырылып отыр. Бұл шара жұмысты жоспарлау, қоғамдық ақпараттық компанияларды ұйымдастыру, өткізу және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеудің негізгі әдістері мен тәртіптері мәселелерін оқып үйренуге бағытталған. Мұндай тренингтер алдағы уақытта қазан айында Өскеменде, ал желтоқсанда Қарағандыда өткізілмек.