Алматыда Бүкіләлемдік балалар күнін атап өтеді
АЛМАТЫ. 20 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Бүкіләлемдік балалар күні. 1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы барлық елге балалар күні мерекесін атпап өтуді дәстүрге енгізуді ұсынған болатын.
Бұл күн барлық әлемдегі балалардың саулығын қамтамасыз ету, балалардың әлемаралық туыстығына және өзара түсінісу күні ретінде енгізілген. Бұл күннің бұқаралық балалар күні деп аталуына 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының балалар құқығы декларациясын қабылдауы да себеп болды. Қазіргі кезде бұл күн БҰҰ-ға мүше 129 елде аталып өтіледі. Бұл мерекеден биылғы жылы алматылық балалар да құр қалмайтын болды.
Қазақстандық «Аяла» қайырымдылық қоры және «Аяла» қорының достар клубы балалар күнін Қазақстан Республикасында көпшілікке таратып дәстүрге айналдыруды мақсат тұтқан. Бүгін қордың ұйымдастыруымен қаладағы «Прайм Плаза» сауда-сауық орталығында өсу гормондары шектелген және Бостандық ауданындағы өз үйлерінде тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға қайырымдылық ас, «Перцы» және Динара Сұлтан сияқты Қазақстаннын эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ кинотеатрда тегін фильмдер көрсетілетін болады.