13:38, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Алматыда Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай велошеру өтеді
АЛМАТЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ –Маусымның 7-де Алматыда Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған велошеру өтеді.
Бұл шараны Алматы қаласының әкімдігі, «Экстремалды атлектика» қоғамдық бірлестігі, «Велофонд» қоғамдық қоры, «Вело-Алматы» велошабандоздар тобы бірлесіп ұйымдастырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мұндағы мақсат - велоспортты бұқаралық деңгейге көтеру, салауатты өмір салтын және велосипедті экологиялық таза көлік құралы ретінде насихаттау, қоғам назарын жазғы каникул кезінде жол бойындағы қауіпсіз қозғалысқа аударту.Жексенбі күні өтетін веломаршқа кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Шара таңғы сағат 9:00-де Абай және Б. Момышұлы көшелерінің қиылысынан басталады. Велосипедшілер шеруі Абай көшесінің бойымен Республика сарайына дейінгі аралықты жүріп өтеді. Ал Республика сарайының алдында шараның ресми бөлігі ұйымдастырылмақ.