Алматыда Бұқтырма көшесі уақытша жабылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда айналма жолдың құрылысына байланысты Бұқтырма көшесі бір аптаға жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық мобильділік басқармасы мәлім еткендей, 5 қарашадан бастап Алматыда Кұлжа тас жолының солтүстігінде Бұқтырма көшесі бойымен қозғалыс тоқтатылады.
Жүргізушілер жол ашылғанға дейін 5-10 қараша аралығында Рысқұлов және Сүйінбай даңғылы, Шемякин және Майлин көшелерімен жүре алады.
Ал 10 қарашадан бастап Бұқтырма көшесінің солтүстік-шығысына қарай уақытша айналма жолмен жүруге рұқсат беріледі. Қазіргі таңда мұнда дайындық жұмыстары жүріп жатыр.