Алматыда бүлдіршіндерді балабақшаға енді ғаламтор арқылы кезекке қоюға болады

АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыда бүлдіршіндерді балабақшаға енді ғаламтор арқылы кезекке қоюға болады.
None
None

Жақында қалада мектепке дейінгі мекемелерге құжаттарды автоматты түрде қабылдау жүйесінің таныстырылымы өтті. Жүйені Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық орталығы жасап шығарды. Таныстырылу барысында жалпылама сипаттамасы мен жүйенің модуль, кезектегілер тізімі және басқа да қызмет түрлері туралы баяндалды.

Баланы кезекке қою үшін ата-аналарға ғаламторға кіріп, баланы тіркеп, жеке нөмір және тіркеме туралы ескертпе алуы керек. Жеке нөмір арқылы кезектегілердің жылжу барысы мен баланы балабақшаға берудің нақты уақытын біліп отыруға мүмкіндік береді. Жаңа автоматты жүйе тіркеудің бұрынғы қарапайым нұсқасымен қатар жүргізіле беретін болады.

Жыл аяғына дейін бұл жүйе қаланың барлық балабақшаларында жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар