Алматыда бутиктердің бірінен қымбат тондар ұрланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ұрылар бутиктердің бірінен 15 аса қымбат құндыз тонды қолды қылды. Тіпті, арасында еш жерден сатып ала алмайтын тек сәнгерлердің қолынан шыққан ішіктер де болған. Ұрланған эксклюзивті тондардың ең арзаны 300 мың теңгеден  басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ұрлық таңғы  сағат төрт жарымда болған. Бейнекамера арқылы жазылған видеода екі жігіттің дүкен ішіне есіктен кіргендері көрінеді. Кіре салысымен бірден құндыз тондар ілініп тұрған бөліктегі жағалы киімдерді жапатармағай алып жатқандары камераға түсіп қалған.

«Білетін адам деп ойлаймыз. Өйткені, кассада ақша болмайтынын білген. Тек тондарды алып кеткен. Егер білмейтін адам болса, басқа тондарды алып кетер еді», - дейді Айдана Омарова. 

Дүкен қожайының айтуынша, оның 6 миллион теңге шығын әкелген қарақшыларды тапқан адамға арнайы сыйақысы бар. Қазір аталған факті бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар