Алматыда бүтін бір отбасы ботулизм ауруына шалдықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүтін бір отбасы ботулизм ауруына шалдықты. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл басынан бері Алматы қаласында ботулизм ауруының 6 жағдайы тіркелді. Атап айтар болсақ, екі ересек және 4 жасөспірім. 5 адам бір отбасынан. Олар үйде консервіленген көкөніс өнімдерін жеген. Дұрыс өңделмеген тағамдарды тұтынған кезде тірі қалған бактериялар немесе споралар ботулиндер ағзаға зиян келтіретін токсиндерді шығарады. Адамның ботулизм ауруының қаупі - бұл тамақ интоксикациясы»,- деп хабарлады департаменттен.
Ботулизм - бұл «Clostrdium botulinum» деп аталатын бактериялық токсиндерден туындаған қауіпті ауру.
Ботулизм тек герметикалық жабылған банкаларда дами алады. Бұл анаэробты бацилла, ол нашар жуылған шикізатпен консервіленген өнімге түседі. Ол адам ағзасына қауіпті ботулотоксинді бөліп, оттегі жетіспейтін жағдайда көбейеді.
«Ботулизм белгілері мынандай болады: бас ауруы,уыздың қатты құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іш өту немесе іштің кебуі және іш қату, жұтыну мен сөйлеу қиындайды. Сонымен қатар, бұлшықет параличінің дамуы мүмкін»,- деп атап өтті ведомствадан.
Санитар дәрігерлер, тұрғындарды өзін-өзі емдеуге шақырды.
«Айта кететін маңызды жайт, сипатталған белгілер сізде қандай да бір аурудың болуына кепілдік бермейді. Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз. Бұл сіздің өміріңізге қауіп тудыруы мүмкін. Тек білікті мамандардың уақтылы көмегі сізге кепілдік береді және сіздің өміріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді»,- дейді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері.