Алматыда БҰҰ конференциясы өтеді

    АЛМАТЫ. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Желтоқсанның 7-8 күндері Алматыда БҰҰ конференциясы өтеді. Онда аймақтағы дағдарысқа қарсы саясат мәселесі талқыланады,

Алматыда БҰҰ конференциясы өтеді

     деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Конференцияны БҰҰ-ның 4 негізгі құрылымы  (МОТ, ЮНИСЕФ, ФАО, БҰҰДБ) ҚР Үкіметінің қолдауымен  ұйымдастырады. Конференцияға 13 мемлекеттің еңбек және әлеуметтік, қаржы, экономика, ауыл шаруашылығы министрлері мен БҰҰ-ның, халықаралық және аймақтық қаржы институттарының, халықаралық еңбек ұйымдарының өкілдері қатыспақ. Конференция барысында дағдарыстың әсері, оны жеңу жолындағы тәжірибелер, әлеуметтік салаға дағдарыс әсерін азайту, дағдарысты жеңудің ұзақ мерзімді стратегиясын жасау мәселелері сөз болады. Конференцияда Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, БҰҰ Бас хатшысының, БҰҰДБ Әкімшісінің көмекшісі, БҰҰДБ -ның Еуропа мен ТМД елдеріндегі аймақтық директоры Кори Удовички баяндама жасайды деп күтілуде. Отырыс барысында азық-түлік қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғау,  еңбекпен қамту мәселелері бойынша министрлер деңгейінде 3 пікіралысу өтпек. Шара барысында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихаты өткізіледі.