Алматыда БҰҰ-ның дүниежүзілік туристік мекемесімен бірлескен жобалар жүзеге аса бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімдігінің туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Visit Almaty (бұдан әрі - Visit Almaty) Туристік ақпараттық орталығымен бірлесіп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қолдауымен UNWTO (БҰҰ дүниежүзілік туристік мекемесі) өкілдерімен тығыз ынтымақтастық орнату бағытындағы бірлескен жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ынтымақтастық жұмыстарында білім тренингі, туристік нарықта бизнес қауымдастықпен бірлескен бірқатар кездесу өткізу қарастырылған. Бірлескен жұмысты ұйымдастыру үшін арнайы БҰҰ Дүниежүзілік туристік мекемесінің (UNWTO) сарапшысы доктор Эспиноза Нагоре шақырылды. Айта кетейік, бұл Алматы қаласының UNWTO мүшелігіндегі 5 жылы ішінде туризм саласының әдіснамасы бойынша сарапшылармен тығыз ынтымақтастық жасаудағы алғашқы қадамы.

Шара аясында «Алматыда туризмнің жоспарлануы, дамуы, басқарылуы мен маркетингін жақсартудағы техникалық көмек» атты стратегиялық жоба дайындау туралы келісім жасалды. Жоба үш өзара байланысты құзыреттіктен тұрады, онда негізінен туризмнің статистикасын жақсартуға, саяхатшылардың бейіні мен туристік ақпаратқа, сонымен қатар туризмнің құнын құруға ден қойылмақ.

UNWTO мамандарының пікірінше, мұндай кешенді жұмыс Алматы қаласы мен Алматы агломерациясында туризмді дамытуға айтарлықтай орасан зор ықпал етпек.

Соңғы жаңалықтар