Алматыда былтыр 30 ана өлімі тіркелді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2021 жылы Алматыда 30 ана өлімі тіркелді. Биыл төрт әйел көз жұмды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедьяров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылы Алматыда ана өлімінің 30 оқиғасы тіркелді. Оның бесеуі толық қаралды, он бірі өндірісте, он жетісін биыл қарастырып жатырмыз. Биыл төрт оқиға тіркелді. Ана өлімі былтырғы жылмен салыстырғанда аз. Өткен жылы коронавирус жағдайы ана өліміне әсер еткенін білесіздер», - деді Мұрат Мұхамедяров.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде ана өлімі 58 пайызға төмендегені туралы айтқан болатын.