Алматыда бюджетте қарастырылған қаражаттан бөлек құрылыс саласында қосымша 24,3 миллиард теңге игерілмек

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда биыл құрылыс саласына бюджетте 48,6 миллиард теңге қарастырылып отыр.
None
None
Бұл бүгін Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған қала активінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қала әкімінің орынбасары Виктор Долженковтың айтуынша, Алматыда ағымдағы жылы құрылыс саласында бюджетте қарастырылғаннан бөлек қосымыша тағы 24,3 миллиард теңгенің жұмысы жүргізілмек. Онда білім беру нысандарын дамытуға 7,8 миллиард теңге бөлінген болатын. Оған 2 мектеп пен 3 балабақшаның құрылысын аяқтау және «Жұлдыз» ықшам ауданындағы мектептерді кеңейту мен 14 білім беру мекемесінің сейсмикалық тұрақтылығын нығайту үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. «Қала құрылысшылары бұған қосымша 1,4 миллиард теңгеге 10 білім беру мекемесін күрделі жөндеуден өткізеді. Сондай-ақ 2,7 миллиард теңгеге 7 нысанның сейсмикалық беріктігін нығайту үшін күрделі жөндеу жасалмақ. Соның нәтижесінде бұл нысандарда 2500 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал денсаулық сақтау нысандарын дамытуға бюджетте 8,3 миллиард теңге бөлінген болатын. Енді қосымша тағы 2,8 миллиард теңгенің құжаттары жасалып отыр. Онда 0,9 миллиард теңгеге 22 нысанға күрделі жөндеу жүргізу және 1,9 миллиард теңгеге 6 нысанның сейсмикалық беріктігін нығайту үшін күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Бұл шараларды атқару кезінде жаңадан 1350 жұмыс орны ашылмақшы», дейді В. Долженков.
Соңғы жаңалықтар