Алматыда «Целинный» кинотеатрын реконструкциялау жұмысы басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Целинный» кинотеатрын қайта құру жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Целинный» заманауи мәдениет орталығының директоры Джама Нұрқалиеваның айтуынша, ғимарат бұзылмайды.

«Ғимаратты ешкім бұзбайды. 2018 жылдан бері көп айтылған «Целинныйды» қайта құру жұмысын биыл бастадық. Бұл уақыт ішінде біз ҚазҚСҒЗИ-мен бірге жобалық жұмыстар, техникалық зерттеулер жүргіздік, жобамызды қоғамдық кеңеске ұсындық, жобамыз тағы пысықталып, белгіленген заңнамалық рәсімдерге сәйкес қайта келісуден өтті», – деді ол.

Қазіргі уақытта ғимараттың 2000 жылдардың басында жасалған және құрылысты қатты бүлдірген жөндеу элементтері бөлшектеліп жатыр.

«Ғимараттың бұрынғы қалпын сақтау мүмкін емес. Себебі, ол адамдарға қауіпті. Қайта құру барысында ғимараттың жалпы формасы, тірек құрылымдары, іргетасы мен Евгений Сидоркиннің бірегей панносын сақтаймыз. Кинотеатр аға буын алматылықтар үшін танымал болып қала береді, сонымен бірге, бұл ретте заманауи және технологиялық болады», – деді Джама Нұрқалиева.

Кинотеатрды қайта құру жұмысына жергілікті және шетелдік көптеген мамандар тартылған. Аталған жұмыс аясында қоршаған ортаны да толығымен абаттандыру көзделіп отыр.

Еске салсақ, «Целинный» кинотеатры 1964 жылы салынып, 2014 жылға дейін жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар