Алматыда цистернаның жарылуынан екі адам қаза болды

АЛМАТЫ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда солярка цистернасының жарылуынан екі адам қаза болды.
None
None

Оқиға Байзаков пен Райымбек көшесі қиылысындағы "Рахат" кондитерлік фабрикаға қарасты қоймада орын алған.

«Қазір өрт толығымен сөндірілді. 150 шаршы метр болатын қойма мен екі жүк машинасы жанып кетті. Өрт дәнекерлеу жұмыстары барысында қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан болды. Қаза болған екі адамдардың аты-жөндері әзірге белгісіз, тек осында қызмет жасайтын дәнекерлішер екендігі анықталып отыр»,-деді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Георгий Кузнецов.

Өрт туралы хабар 15.23-те түскен.

Соңғы жаңалықтар