Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың 60% емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Үкіметте карантин шараларының нәтижесін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың 60% емделіп шықты

«5 шілдеде күшейтілген шаралар енгізу дұрыс шешім болды. Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай кешенді түрде тұрақтанды. Мегаполистегі коронавирус жұқтыру өсімі 2,2%-ға дейін төмендеді», - деді Алматы әкімі Үкімет отырысында.

Қазір қалада 10 955 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 341 адам немесе 60% емделіп шыққан. 28 адамның халі ауыр, өкінішке қарай, 73 адам (0,68%) коронавирустан қайтыс болған.

«Пневмония және COVID-19 күдігімен жедел жәрдем шақырулар саны 4 есе азайды. Стационарларға жатқызылатын адамдар саны 2 еседен астам көрсеткішке төмендеді. Емханаға жүгінушілер саны да 2 есе азайды», - деді Бақытжан Сағынтаев.