Алматыда «Д.А. Қонаев мұражайы - жасөспірімдер болашағы» атты мәдени іс-шара өтті
АЛМАТЫ. 27 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және 1 маусым - Балаларды қорғау күніне байланысты «Д.А. Қонаев мұражайы - жасөспірімдер болашағы» атты мәдени іс-шара өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - мұражайдың мектеп жасындағы оқушылармен, студенттермен және бүлдіршіндермен байланыса отырып жұмыс жасау, жәдігер құндылығын бағалауға үйрету, Д.А. Қонаев еңбектерін үлгі ретінде насихаттау.
Сондай-ақ шара барысында «Д.А. Қонаев - қолөнер туындылары» атты жаңа экспозициясы ашылды. Оған кеңес өкіметі тұсында жасалынған, қайталанбас өзіндік ерекшелікке толы тарихи мағынасы бар, бұрын еш жерге қойылмаған және ғылыми зерттеудің нәтижесінде табылған әр ұлттың қол өнер туындылары қойылған.