Алматыда «Д. Қонаев және оның Ұлы Отан соғысына қатысқан әріптестері» атты көрме өтеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мамырдың 11-і күні «Д. А. Қонаев және оның Ұлы Отан соғысына қатысқан әріптестері» атты көрме ашылады,

Алматыда «Д. Қонаев және оның Ұлы Отан соғысына қатысқан әріптестері»  атты көрме өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны Дінмұхамед Қонаевтың мұражай үйі ұйымдастырып отыр. Жеңіс күніне арналған бұл шара кезінде «Қазақстандық жүздік» (құрамында Мәншүк Мәметова болған бригаданың ерліктері туралы аңыз) деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісі өтеді. Оған қатысушылардың сауалына Оралдан М. Мәметова мұражайының директоры тікелей телефон арқылы жауап бермек. Жиынға 100-ші жеке қазақ атқыштар бригадасы ұйымының төрағасы Ақпай Қасымбеков, 100-ші жеке атқыштар бригадасының майдангері Сұлтан Жиенбаев, өзге де соғыс және тыл ардагерлері қатысады.