Алматыда дəмхана қызметкері тауып алған 5 млн теңгені иесіне қайтарған

None
None
 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда суши-бар қызметкері тауып алған 5 млн теңгесін иесіне қайтарып берген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне дәмхананың әкімшісі Әділет Әбілов айтып берді.

Әділет Әбілов айтуынша, бұл оқиға 1 қарашада болған.

«Дәмханаға екі ер адам келіп тамақтанды. Біраз уақыттан соң олар шығып кетті. Сол жерді тазалауға барған Бақыт есімді қызметкер борсетка тауып алған. Ішіндегі қомақты соманы көрген соң Бақыт ақшаны қайтарып беруді ойлайды. Сөмкеден телефонға ақша салған чекті тауып алып, телефон нөміріне звондап шақырған. 40 минуттан соң Темірлан есімді жігіт келді. Ол Бақыттың іс-әрекетіне риза болып, 100 000 теңге көлемінде сыйақы қалдырды», -  деді Әділет Әбілов.
null 

Бақыт «Mega Rolls» дәмханасында 2 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

«Өте адал, өзгенің ала жібін аттамайтын адам. Қызметкер ретінде, әріптес ретінде бағалаймыз. Айдың соңында бар басшылығы оған сыйақы беретін болып шешім шығарды», - деді Әділет.

Соңғы жаңалықтар
telegram