Алматыда Daewoo Damas көлігін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық полицейлер көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Олар қымбат маркалы көліктерді емес, тек Daewoo Damas автокөліктерін ұрлаумен айналысқан. Күдіктілер машинаны бөлшектерге бөліп сатқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды.

«Әңгіме Жамбыл облысының 32 жастағы тұрғыны және 1973, 1969 және 1988 жылы туған ұрланған заттарды сатып алушылардың үшеуі туралы болып отыр. Күдіктілер түнде құлыпты ашып, қозғалтқышты іске қосу үшін арнайы құралдарды қолданып, Daewoo Damas көліктерін ұрлап кеткені анықталды. Ұрланған көліктердің шығыны бірнеше миллион теңге»,- дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Бөлшектелген көлік құралы Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан табылды. Көптеген көліктен қозғалтқыш пен кузов нөмірлерін алып тастаған. Кейбіреулері жай бөлшектеліп, қосалқы бөлшектерге сатылған.

Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойыша қозғалды.Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.


Соңғы жаңалықтар