Алматыда дағдарыс уақытындағы ақпараттық технологиялар жайы талқыланды

АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / - Дағдарыс кезеңінде әлемдік IT нарығында құлдырау байқалып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Ақпараттық технологиялар-дағдарыс уақытында өмір сүрудің кілті» атты дөңгелек үстел мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Orient Lab сәйкестік орталығы» ұйымдастырған отырыс барысында дағдарыс кезеңіндегі қазақстандық және ресейлік компаниялардың ІТ-шешімдерді пайдалану жағдайы мен ІТ нарығы ойыншыларының қазіргі ахуалы туралы талқыланды. Отырысқа «Эйр Астана» АҚ, «АлматыЭнергосбыт» ЖШС, «Темірбанк»АҚ, ресейлік C-News, Orient Lab компанияларының ІТ директорлары дағдарыс уақытындағы өз ахуалдарын ортаға салды.Компаниялар өкілдерінің айтуынша, дағдарыс ІТ шешімдерді пайдалануды оңтайландырып отыр. Сондай-ақ ІТ шешімдерге қатысты жобаларды тәптіштеп тексеру арқылы ғана қабылдау басталған. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Ақпараттық технологиялар қызметінің бастығы Дмитрий Скибиннің сөзіне қарағанда, дағдарыс басталғалы бері ІТ бюджеті қысқартылған. «Бюджет екінші деңгейлі қажеттіліктер үшін қысқартылды. Ал негізгі жобалар сақталып отыр», - дейді ол.
Соңғы жаңалықтар