Алматыда Дағдарысқа қарсы есеп-тауар орталығы ашылды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Маржан Кеңесбай/ - Алматыда Дағдарысқа қарсы есеп-тауар орталығы (ДҚЕТО) ашылды.
None
None

 Бұл туралы бүгін «ДҚЕТО» ААҚ Директорлар алқасының төрағасы Герман Стерлигов баспасөз мәслихатында  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Оның айтуынша, дағдарыс есеп айырысудың жаңа түрлерін талап етіп отыр. Сондықтан ДҚЕТО кәсіпорындарға есеп пен тауар айырбастаудың баламалы түрін ұсыну,  өндіруші мен тұтынушы арасында жаңа қатынас жүйесін қалыптастыру қызметін ұсынбақ.

«Ол үшін ДҚЕТО жаһандық тауар байланыстырушы жүйені - есеп-тауар байланысын автоматтандыруды іске қосады», дейді Г.Стерлигов.

Оның айтуынша, ДҚЕТО аймақтық және шетелдік орталықтар арқылы тауарларды сатып алуға, төлемдер жасау, еркін қозғалыстағы ақшаларды қолдануға  арналған ақпараттарды бір арнаға жинақтамақ. Арнайы жасалған бірегей бағдарлама арқасында бұл ақпараттар сұрыпталып, жүйе қатысушылары онлайн режимінде қажетті мәліметтерді ала алады.   Жаһандық тауар айырбастау жүйесінде  қызмет көрсетумен айналысатын  ДҚЕТО Ресейде, Лондонда, Гонконгта, Ауғанстанда құрылған еді. Қазақстанда жаңа құрылған  ДҚТЕО  қазақстандық нарық бойынша толық мәлімет жинақтап, сату мен сатып алудың бірегей жүйесін құру арқылы отандық бизнестің дамуына ықпалдаспақ. Бүгінде нарықта дағдарысқа қарсы есеп-тауар орталығының халықаралық жүйесі қалыптаспаған.

Соңғы жаңалықтар