Алматыда «Дағдарысқа қарсы PR технология - 2009» атты конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Дағдарысқа қарсы PR технология - 2009» атты конференция өтіп жатыр,


Алматыда «Дағдарысқа қарсы PR технология - 2009» атты конференция өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны «Имидж-Парнер» коммуникациялық тобы» ЖШС мен «BizMedia» іскерлік журналистика орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. «Қазіргі таңда дағдарысқа қарсы коммуникация кез келген компанияның коммуникациялық саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қатал бәсекелестік бәсекелес-компаниялардың беделін түсіру немесе әкімшілік ресурстар арқылы тықсыруға әкелуде. Бұл құрылыс, банк, өнеркәсіп және тағы басқа экономика салаларында көрініс тауып отыр. Сондай-ақ мұндай жағдайға бұл компаниялардың көбі дайын болмай шықты», - дейді «Имидж-Партнер» коммуникациялық тобы» ЖШС-нің Бас директоры Мәлік Құшмұханов. Оның айтуынша, конференция барысында мамандар ақпараттық дағдарыс жағдайында БАҚ пен бизнестің өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері мен дағдарысқа қарсы бағдарламаларды талқыламақ.