Алматыда дағдарысқа қарсы жастар штабы құрылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда дағдарысқа қарсы жастар штабы жұмысын бастады.
None
None
Бұл туралы кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жастар ұйымдарының қатысуымен өткен дөңгелек үстел жиынында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы жастар ұйымдарының рөлі» тақырыбында өткен басқосуда жастар ісімен айналысатын Алматыдағы ұйымдардың өкілдері студенттік ортада қаржылық қиыншылықтардың салдарын төмендету және алдын алу бойынша шаралар қолдану жайын талқыға салды. Сондай-ақ жиын аясында Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан шығудың кілті» мақаласы бойынша пікірсайыс өткізілді.«Дағдарысқа қарсы штаб «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе құрылып отыр. Оның жұмысының негізгі мақсаты университет басшылығымен және жастар ұйымдарымен қанаттаса отырып, әлемдік дағдарыстың студенттер арасындағы кері әсерін төмендету болып табылады. Жалпы қазіргі кезде ҚазҰУ-де аталған мәселеге қарсы іс-шаралардың жиынтығы әзірленді. Аталған штаб сол іс-шаралардың атқарылуын тікелей қадағалайтын болады. Жуық арада жедел байланыс желісі іске қосылады. Осы арқылы студенттер өздерінің әлеуметтік мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап ала алады», - дейді штаб жетекшісі Ж. Сименова.
Соңғы жаңалықтар