Алматыда дағдарысты еңсерудің жолдары туралы конференция өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 10-ы күні «Дағдарысты еңсерудің жолдары. Идеалды банкроттық» деп аталатын конференция өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы. Сарапшылардың бағалауынша, қазір қазақстандық бірқатар бизнес құрылымдары банкроттық алдында тұр. Сол себепті бұл басқосуда кәсіби мамандар бизнесті дағдарыстан алып шығудың тиімді технологиялары мен нұсқаулықтарын ұсынбақ. Өйткені әлемдік тәжірибеде кез-келген экономикалық дағдарыс түйткілді мәселелер туындатып қана қоймай, өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мәслихатқа қатысушылар кәсіби дағдарыс менеджерлерінің тәжірибелерімен де таныспақ. Сондай-ақ басқосуда банкроттықтың заңдық үдерістері мен кредиторлардың құқын қорғау барысы жайлы әңгіме қозғалмақ.
Соңғы жаңалықтар