Алматыда дәмхана даяшысы азық-түлік дүкеніне қарулы шабуыл жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда дәмхана даяшысы болып жұмыс істейтін 24 жастағы ер адам азық-түлік дүкеніне қарулы шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бостандық ауданында түнгі сағат 01.00-де азық-түлік дүкеніне қарулы шабуыл жасалды.

«Розыбакиев көшесінде тәулік бойы жұмыс істейтін азық-түлік дүкеніне белгісіз біреу клиент болып кіріп, қару қолдану арқылы кассадағы ақшаны ұрлаған. Күзетші мен кассир өмірлері үшін қауіптеніп, тонаушының талабын орындап, түскен ақшаны берген. Қылмысты ашу мақсатында криминалдық полицияның тәжірибелі жедел қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшыларынан арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Бір тәуліктен соң полицияның арнайы жасағының көмегімен күдікті қолға түсті», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Оның айтуынша, күдікті даяшы болып жұмыс істейді. Дәмхана персоналы киім ауыстыратын бөлмеде сөмке табылып, онда айғақзаттар анықталды.

«Атап айтқанда, оттық ретінде жасырылып қойған - тапанша, қарақшылық шабуыл кезінде киген киімі мен басқа да құралдар болды», - деді Дидар Аханов.

Белгілі болғаны, күдікті – Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны. Алматыға табыс табу үшін келген.

«Оның азық-түлік дүкендеріне жасалған тағы екі қарақшылық шабуылға қатысы бары анықталды. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді департамент басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар