Алматыда дәмхана өртенді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда дәмхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«30 тамыз күні сағат 19:18-де Алматыда «101» нөміріне Наманган көшесінде орналасқан дәмхананың өртенгендігі туралы хабар түсті. Өрт дәмханадан шығып, одан әрі жалын оның қасында тұрған дүкенді шарпыған.
«Өрт жайлаған аумақ 70 шаршы метрді құрады. Арнай қолға алынған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 19:32-де ауыздықталып, 19:37-де толықтай сөндірілді. Өрттің неден тұтанған анықталып жатыр»,-делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 6 техникасы мен 14 қызметкері тартылды.