Алматыда дәмхана толығымен жанып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Серпуховский мен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы «Чинара» дәмханасы түгел жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 03:16-да жетті. «Өрт сөндірушілер жеткен уақытта жағдай келесідей болды: дәмхана алаулап жанып жатты, өрттің жақын маңда орналасқан тұрғын үй нысандарына ауысу қаупі болды. Құтқарушылардың қолға алған шараларының арқасында тілсіз жаудың тұрғын үй секторына ауысуының алды алынды. Анықталғандай, дәмхананың жұмысы тоқтап тұрған, оны жалға беру процесі жүріп жатты. Дәмханада өрт кезінде іске қосылатын дабыл жүйесі болмаған. Нысанда күзет болмаған. Жалынның таралуы 03.54-те тоқтатылып, 04.45-те толығымен ауыздықталды», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Төтенше жағдайлар департаменті тілсіз жаудың шығу себебін анықтауда. 600 шаршы метр аумақ жалынға оранғаны белгілі болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар