Алматыда дәмхананы өрт шалды

Оның айтуынша, бүгін таңғы сағат 05:25-те Алматы қалалық ТЖД «101» кезекші бөліміне бір куәгерден Алмалы ауданы, Розыбакиев көшесі 72 «Б» мекенжайында орналасқан "ARAGOSTA CAFE" дәмханасы шатырының жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен.
«Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 5 минуттан кейін келіп жетті. Белгілі болғанындай, дәмхана шатырының көп бөлігін жалын шарпыған. Соның салдарынан бүкіл шатырдың жанып кетуі және өрттің жапсарлас орналасқан көрші ғимаратқа өтіп кету қаупі туындады. Оның үстіне өкінішке қарай, дәмхана төбесінің жанғыш минералдық мақтамен қымталғаны өрттің тез тарауына себеп болды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер оқиға орнынан шашылып жатқан бірнеше өрт сөндіргішті тапты. Сөйтсе, ғимараттың күзетшісі өртті таңғы сағат 04:45-те байқапты. Сөйтіп, өз күшімен сөндірмек болған. Өрт сөндіру барысында 50 литрлік 3 газ және 2 көмірқышқыл баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды», - деді С. Баймұханбетова.
Қазір өрт аумағы нақтыланып жатыр. Өрттің жайылып кету қаупі сейілді. Тілсіз жау 06 сағат 43 минутта ауыздықталды.