Алматыда дамыту орталығында кішкентай бала көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жекеменшік балаларды дамыту орталығында кішкентай бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда дамыту орталығында кішкентай бала көз жұмды

Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.

«ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өлімі» дерегі бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеп жатыр.

БАҚ беттерінде жарияланған ақпарат бойынша, баланың үстіне шкаф «құлап кеткен».