Алматыда Дания Еспаеваны қолдау мақсатында веложарыс ұйымдастырылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваны қолдау мақсатында веложарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараға «Вело-халық Алматы» және №73 жасөспірімдер мен балаларға арналған «AppleTeam and» спорт метебінің жеткіншектері қатысты. Веложарыс - спорт пен туризмді дамыту, Жастар жылы аясында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Қазіргі таңда тіркелген 7 кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әлихан Асқарұлы