Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Перинаталогия және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері туғанына 10 күн болған балаға ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нәресте туабітті ақаумен дүниеге келген.

Баланың жүрегінің аортасы ашық тұрғандықтан тамыр жарақатын алу қаупі төнді.

«Сәби өлім мен өмірдің ортасында тұрғандықтан шұғыл ота жасалды. Операция 2 сағатқа созылған. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты» дейді орталықтың директоры Ғани Бодықов.

Баланың өмірін ажалдан арашалап қалу үшін жансақтау бөлімінде 27 дәрігер күрескен.

Қазір шақалақтың жағдайы әлдеқайда жақсы. Сондықтан палатаға, анасының қасына ауыстырылды.


Соңғы жаңалықтар
telegram