Алматыда дәрігерлері қалқанша безі ісігіне күрделі операция жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы дәрігерлері 50 жастағы әйелдің қатерлі ісігіне күрделі операция жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Пациент Алматы онкологиялық орталығына «Кеңірдекте өсетін қайталанатын қалқанша безінің қатерлі ісігі, 2 дәрежелі трахеяның ісік стенозы» клиникалық диагнозымен түскен.

Пациент қатерлі ісігінің өсуі салдарынан кез келген уақытта демігіп, жүрек-қантамыр жүйесі де зардап шегуі мүмкін еді.

Дәрігерлер кеңірдектің резекциялап, қалқанша безінің қайталанған ісігін алып тастады. Операция 4 сағаттан астам уақытқа созылды. Оның күрделілігі – резекциядан кейінгі кеңірдекте үлкен ақау пайда болды.

«Операция жасау кезінде трахеяны бірден қалпына келтірдік, яғни бір сәтте. Мұндай операцияның артықшылығы адам жылдам, шамамен 10 күнде оңалады. Адамның дауыс функциясы сақталады. Операция бағымызға қарай сәтті өтті», - деді хирург дәрігер Саттар Аппазов.

Пациент 10 тәуліктен кейін сауығып шығарылды. Бұдан әрі емдеуге мұқтаж емес.


Соңғы жаңалықтар