Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтеді

АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағы үйінде 15 желтоқсан күні «Алаштың Ақан серісі» атты кеш өтеді.

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтеді

Шараны «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе ұйымдастыруда. Кештің мақсаты - жас ұрпаққа көрнекті композитор, ақын, әнші Ақан серінің шығармашылық мұрасын насихаттап, ұлттық рухын ояту.

Кешке Қайрат Байбосынов, Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ардақ Исатаева, Еркін Шүкіманов секілді өнер майталмандарымен бірге, «Көкіл» этнотобы және Ж. Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжі студенттері қатысады деп күтілуде.