14:07, 02 Қазан 2010 | GMT +5
Алматыда дәстүрлі «Баспалдақ -2010» спорттық бұқаралық жүгіру жарысы өтеді
АЛМАТЫ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Қазанның 3-і күні Алматының Медеу шатқалындағы селге қарсы қойылған тосқауылдағы баспалдақта Райымбек батырды еске алу және 7-ші қысқы Азия ойындарын насихаттау аясында ХХII-ші дәстүрлі «Баспалдақ -2010» спорттық бұқаралық жүгіру жарысы өтеді
Дәстүрлі жарыс сағат 10.00-де басталады. Шараға қаланың белгілі спортшылары, жастар, бұқаралық спорт жанашырлары, мектеп оқушылары қатысады.
"«Баспалдақпен» жүгіру - негізінен жыл сайын өткізілетін бұқаралық спорттық шаралардың бірі. Оның ерекшелігі - аталған шараға үлкен де, кіші де келіп, баспалдақпен жүгіріп өтіп, өз бақтарын сынайды әрі бұқаралық сауықтыру ісінің қаншалықты пайдалы екендігін де сезінеді", дейді ұйымдастырушылар.
Жарысқа қатысушылардың ептілігін арнайы жасақталған төрешілер анықтайтын болады. Жеңімпаздар арнайы естелік сыйлықтармен марапатталады.
Жарысқа қатысушыларға шектеу жоқ.