Алматыда дәстүрлі ХІІ Оралхан Бөкей оқулары өтуде

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматы қаласы Алмалы ауданындағы №4-ші Оқушылар үйінде дәстүрлі ХІІ Оралхан Бөкей оқулары өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Алмалы ауданы әкімдігі ұйымдастырды. Шараның мақсаты 30-шы қыркүйекте Астанада өтетін республикалық байқауға үміткерлер іріктеу. Оған Алмалы аудандық мектептерінен 15 пен 30 жас аралығындағы 11 үміткер қатысты. Оның ішінде 6-уы мұғалімдер болса, 5-еуі оқушылар.

«Бұл шараны алда келе жатқан Қазақстан халықтары тілдері мерекесі қарсаңында ұйымдастырып отырмыз. Осы байқаудан қазылар алқасы 1 оқушы мен 1 оқытушыны іріктеп, қалалық байқауға шағарады. Содан ұтқандары республикалық жарысқа барады», дейді Алмалы аудандық білім бөлімінің бастығы Гүлнар Қожабергенова.

Байқауға қатысушылар проза, поэзия, монолог аталымдары бойынша сайысқа түсті.

Соңғы жаңалықтар