Алматыда дәстүрлі IV қалалық «Директор» спартакиадасы өтеді
АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Ертең Алматыда VII Қысқы Азия ойындарын насихаттауға арналған қоскүндік IV қалалық «Директор» спартакиадасы басталады.
Шараны Алматы қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы қаласы әкімі аппараты, Халықтық-ұлттық спорт түрлері және жалпылама-сауықтыру денешынықтыру клубы бірлесе ұйымдастырып отыр. Оған қаладағы жалпы білім беретін мектептер директорлары қатысады. Спартакиада барысында қатысушылар волейбол, үстел теннисі, боулинг және арқан тарту, бұқа тартыс, тымақ ұру сияқты ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсетін болады.
Спорттық жарыстар бірінші күні №62 гимназиясы мен №167 орта мектептерінде, ал екінші күні «Кардинал» боулинг орталығында өтеді.