Алматыда дәстүрлі «Қазақстандағы Fitch Ratings» конференциясы өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда 3-ші рет дәстүрлі Қазақстандағы Fitch Ratings конференциясы өтті,

 Алматыда дәстүрлі «Қазақстандағы Fitch Ratings» конференциясы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Халықаралық Fitch Ratings агенттігі ұйымдастырған шараға ҚР Ұлттық банкі, түрлі министрліктер мен екінші деңгейлі банктердің, қаржы ұйымдарының сарапшылары мен өкілдері қатысты. Шара барысында Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай, банк секторы, несиелендіру мәселелері сараланды. Fitch Ratings-тің атқарушы директоры Дмитрий Сурковтың айтуынша, Fitch Ratings сарапшылары дамушы елдердің экономикалық жағдайына арналған соңғы зерттеулерінде ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) Кеңестік кезден бері қатты құлдырауын анықтаған. Еуропаның дамушы елдерінде ІЖӨ-нің құлдырауы өткен жыл қорытындысы бойынша 3,1 пайызды құраған. Сараптама жүргізілген 21 елдің ішінде Қазақстан мен Венгрияның экономикасы әлемдік сауда мен сырттан келетін қаржы құралдарының аздығының әсерінен ең көп зардап шеккендер қатарында. «Бүгінде көптеген елдер жеке капитал мен несиелендірудің азаюынан зардап шегіп отыр. Ішкі сұраныс пен активтер бағасы құлдырап, тұрмыс деңгейі төмендеуі әлі де жалғасып отыр», дейді Д.Сурков.