Алматыда дәстүрлі корпоративтік заңгерлер форумы өтеді

АТЫ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қарашаның 5-6-сы күндері жыл сайынғы IV Корпоративтік заңгерлер форумы өтеді, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны  VIProMotion корпоративтік коммуникациялар агенттігі ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі бұл шара - компанияларға өздерінің көкейкесті заңдық сауалдарын шешуге және  мемлекеттік органдармен диалогта тұғырнама құруға  ықпалдасуды көздейді. Форум сессиялары  алғашқы күні «Нарықты дамытудағы негізгі ағымдар және 2009-2010 жылдардағы бизнес қауіптері", «Қазақстандағы M&A ағымдар», «Заңгерлер және кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметі", «Банк, кредиторлар және кәсіпорындар қарым-қатынасындағы өзекті мәселелер. Қызығушылықтар балансын қалай қамтамасыз етуге болады?", «Монополияға қарсы саясаттың көкейкесті мәселелері" деген тақырыптармен өтеді.  Ал келесі күні  мәжіліс «Салықтық дауларды шешудің тәжірибелері мен өзекті мәселелері",  "Коммерциялық келісім-шарттар және дауларды реттеу", "Халықаралық коммерциялық арбитраж бүгін: түсіндірмелер және арбитрлар тәжірибесі, жетекші заң фирмаларының өкілдері" деген тақырыптарда одан ары жалғасады. Бағдарламада сондай-ақ,  шеберлік дәрістері мен "Үздік заңгерлер мен кеңесшілерді" марапаттау  рәсімі бар.

Соңғы жаңалықтар