Алматыда дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтуде
АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматы қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл шара тамыздың 1-інде басталған болатын. Ол қыркүйектің 10-на дейін созылмақ. Онда отандық өндірушілер шығарған мектеп оқушыларының киімдері мен олардың өзге де түрлі керек-жарақтары жеңілдетілген бағамен сатылатын болады», дейді қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сауда бөлімінің бастығы Дамир Нұрсұлтанұлы. Оның айтуынша, дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі қаланың барлық аудандарында өтеді. Мәселен, Алатау ауданында №578 мектепте, Алмалы ауданында Арбатта, Бостандық ауданында Атакент көрме орталығында, Жетісу ауданында «Абди», «Адем», «Мерей», «Максима» сауда орталықтарында, Медеу ауданында «Алма», «Восход» сауда үйлерінде өтпек.