Алматыда дәстүрлі полиция эстафетасы өтіп жатыр

АТЫ. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда дәстүрлі полиция эстафетасы өтіп жатыр,

Алматыда дәстүрлі  полиция эстафетасы өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңындағы бұл шара еліміздің барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында бір уақытта басталды. Жалпы полиция эстафетасы кеңестік дәуірде де жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын. Оның басты мақсаты - ішкі істер органдарының қызметін насихаттау, жастарға үлгі-өнеге көрсету», дейді қалалық ішкі істер департаментінің кадр басқармасының денашынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, полковник Мұрат Ахмеджанов. Оның айтуынша, қала көшелері бойынша өтетін бұл эстафета 10 кезеңнен тұрады. Командалық жарыс болғандықтан, оған барлық құзырлы органдардың қатардағы жай қызметкерлерінен генаралдарына дейін қатыса алады. Былтыр бұл байрақты бәсекеде бірінші орынды жол полициясы басқармасы, ал екінші орынды патрульдік полиция қызметкерлері иеленген болатын.