Алматыда дәстүрлі "Шәкәрім оқулары" өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шәкәрім мұрасы жастардың көзқарасымен қалай танылып жатыр. Бұл сауалға  бүгін   Алматыда "Шәкәрім мұраларына жаңа буын көзқарасы" деген тақырыппен өтіп  жатқан дәстүрлі "Шәкәрім оқулары" жауап іздеуде ,
None
None

   деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасында тіл мәселесін дамытумен ғана емес жалпы халықтың рухын ояту, ұлы тұлғаларды тану,  насихаттау бағытында көптеген шаралар атқарылып келе жатыр. Шәкәрім оқуларын біз ең алдымен жастарға бағыштап отырмыз. Біз жастар кітап оқи ма, жастар ұлы тұлғаларымызды тани ма деген сауалдарға әлі толық жауап таба алмай келе жатырмыз. Сондықтан бұл шарада  Шәкәрім мұрасы жастардың көзқарасымен қалай танылып жатыр дегенге көбірек мән бердік. Мақсат - Шәкәрім Құдайбердіұлының адами құндылықтарды насихаттау мен ұлт тұтастығын нығайту жолында қалдырған шығармаларын жастардың зерттеп зерделеу дәстүрін жалғастыру", дейді басқарма бастығы Кенжехан Матыжанов. 

Онда қазір түрлі оқу орындарынан жиналған ғылымның әртүрлі саласында білім алып, еңбек етіп жүрген жас ғалымдар өз мамандықтары бойынша баяндамалар жасауда. Шара барысында енді Ш. Құдайбердіұлы шығармаларын  зерттеп, жаңа қырынан насихаттауға үлес қосқан шәкәрімтанушылар қалалық тілдерді дамыту басқармасының арнайы дипломымен марапатталады. Сондай-ақ "Адамдық борышың..." деген атпен Шәкәрім мұраларын жатқа айтушылар байқауы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар