Алматыда дәстүрлі театр фестивалі басталды

АЛМАТЫ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыдағы бұл фестиваль Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының бір жыл ішіндегі жұмысын қорытындылайды.
None
None

Аталмыш театрдың директоры Есмұқан Обаев бүгін «Театр көктемі-2013» фестивалінің ашылу рәсіміне арналған баспасөз мәслихатында осылай айтты.

«Ғылыми-тәжірибелік тұрғыда өтетін дәстүрлі бұл шарада тәуелсіз кәсіби қазылар алқасы театрдың жұмысын саралайды. Биыл ол Кеңестер одағының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреты және театрдың іргетасын қалаушылардың бірі Камал Қармысовтың 100 жылдығына арналады. Ол актерге арналғандықтан салмақтың бәрі актерге түседі. Биылғы ерекшелік, қойылымдардағы рөлдерді сомдаушылардың көпшілігін жастар құрап отыр», - деді Е. Обаев.

Оның айтуынша, фестиваль кезінде театрда соңғы бір жылда сахналанған 5 жаңа қойылым көрсетіледі. Әрбір спектакльдің алдында К.Қармысов туралы деректі фильм көрсетіліп, әйгілі актердің көзін көрген өнер саңлақтары естелік айтады. Ал 27 наурыз күні еске алу кеші өтіп, фестиваль қорытындысы шығарылады.

Соңғы жаңалықтар