Алматыда дәстүрлі V жаңажылдық марафоны өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Баум тоғайында «Экстремалды атлетика» атты бесінші жаңажылдық Алматы марафоны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда дәстүрлі V жаңажылдық марафоны өтті

Жаңа жылдың алғашқы күнінде стартқа 1,5 мыңға жуық адам шықты. Дәстүр бойынша қатысушылардың көбі карнавалдық костюмдерін киді.

Марафонның бас хатшысы Вадим Винокуровтың айтуынша, скандинавиялық жаяу жүруге 3 қашықтық берілді — 21, 42 және 7 шақырым.
Жарысқа қатысқан барлық адамға медаль берілді. Сонымен қатар, марафонға трекинг жүйесіне қосылу арқылы Қазақстанның және әлемнің кез-келген басқа қаласынан қатысуға мүмкіндік болды.
«Марафон 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл жүгіруге 1,5 мың адам қатысты. 400-ге жуық адам әлемнің түкпір-түкпірінде жүгірді. Біздің ұранымыз: мағынасыз күнді мағынамен толтыру. Басты мақсат – халық арасында дене шынықтыру, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау», — деді В. Винокуров.